Амбиция – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Амбиция» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құдайына ақын бүгін қол жайды,
Поэзия өлді, адамзатқа сол қайғы.
Мен келдім қаламымды қолға алып,
Әлемде жаңа тәртіп орнайды.

Поэзияның кетті бүгін ажары,
Енді менде күллі әлемнің назары.
Менің өткір қаламымнан болады,
Ділін сатқан ақындардың ажалы.

Жазылмаса туындылар мәні бар,
Ақын қаны өзен болып ағылар.
Әлемдегі шайырлардың барлығы,
Менің ғана әміріме бағынар.

Ұрыстан іркілмеймін, қашпаймын,
Әрқашан дұшпаныма тастаймын.
Бүлікші тайпаларға мен бүгін,
Қасиетті соғысымды бастаймын.

Қай ақын қарсы келсе сөзіме,
Көк шыбынды үймелетем көзіне.
Тірі болса бұл ісіме таңғалар,
Ұлы ақын Фирдоусидің өзіде.

Алға қойған жоспарларым көп әлі,
Туым менің тұрады ылғи жоғары.
Күллі әлем шайырлары жабылып,
Мені ғана дәріптейтін болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері