Өлең, жыр, ақындар

Анаға хат

Өткен шақтан кешегі,
Ұмытылмас із көрем.
Иə, Анашым, өмірде,
Қарыздармын сізге мен.

Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Мəпеледің балаңды.
Бұл өмірде таппадым,
Сіздей қамқор адамды.

Бейнет көріп мен үшін,
Тəлім бердің тек түзу.
Бұның бəрін мүмкін бе?
Сөзбен айтып жеткізу.

Ұйықтардың алдында,
Кəлиманы үйреттің.
Иман етіп Аллаға,
Мұсылмандық күйге өттім.

Оқу жылы басталып,
Таяған да сабағым.
Көйлегімді бүтіндеп,
Шалбарымды жамадың.

Туған кезде басыма,
Төсек тартып жатар күн.
Жедел жəрдем шақырып,
Дəрігерге апардың.

Əлемдегі ең ыстық,
Баға жетпес мекен-той!
Жаны іңкəр Ананың,
Алақаны екен ғой.

Иə, Анашым, тұрса да,
Қабағыңа талай мұң.
Көз алдымда күлімдеп,
Жүргеніңді қалаймын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мезгіл

  • 0
  • 0

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Толық

Белгісіздік. Екінші нұсқа

  • 0
  • 1

Келешекте не күтіп тұр — белгісіз,
Бұны ойлап, жүрегіме келді сыз.

Қасиеттен жұрдай болып адамдық,
Молаға кірпіш болып қаландық.

Толық

Күнәһар

  • 1
  • 0

Ләззатты қуамын деп терледім,
Тартып келем енді соның кермегін.
Періште емес, мен де өзіңдей пендемін,
Ғарышта емес, Марста емес, жердемін!

Толық

Қарап көріңіз