Өлең, жыр, ақындар

Үзінді

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 577
Кірпік ілмей өткіздім мен үш түнді,
дұға оқыдым хақ жолына тізерлеп
Аспан мен жер - храм, қорған — алтарім;
Қу сүйектер сол қорғанға көмілген
Кісі болып оянса егер кіл өлік,
Кетсе кенет тіріліп бір, түнеріп,
Күйер еді көз жасыма көп адам,
Қарғып-қарғып шығар еді моладан!
О, тәңірім! Үш түнгі азап масқара
болғаны ма жалғыз тамшы жас қана?
Жоқ, бұл тозақ жасы, әйтпесе дәл үш түн
Күтпес едім мен де оны, таныстым
Шын қайғымен. Ағайынның қанына
Шалдың қаны қосылды ағып, тағы да
Сәбилердің тапталғаны, қаралы
Көкірегімді қысып алып барады,
Жүрегімді сықты тағы, зорлады,
Неге сенсе жүрек - енді сор бәрі,
Махаббатқа не ұқсаса - сол енді
Кері бұрды, кекке айналып жөнелді.
Ойым ұлы - асырмасам оны іске
Ұлылығын есеп еттім жеңіске.
Соқты сағат, даңқ қонар келді сәт,
Не өлетін белгісіз боп ел құсап
Табиғатқа жалтақтап ем, ол мені
бауырына қысты қатты, бермеді
боранына, пана болып күн ұзын.
Орман-ана жұтқызды бал-уызын.
Бірақ маған, арман үшін мендегі
Бәрі бос ед тіршіліктің жердегі
Үміт көзі маңайдан түк көрмеді, -
Көңіл шіркін ештеңеге ермеді.
Көп қарадым ай, жұлдызға көктегі,
Көңілім бірақ құпиясына жетпеді,
Сездім сонда тумағанымды ол да үшін;
көңлім - күпір, кіп-кішкене болмысым.
Мен аспанды сүйе алмадым, ал, емге
таңданғаным шетсіз-шексіз әлемге,
Хақ ісіне қарап тұрып мұңайдым –
Ұлылығын күндедім мен құдайдың!
Бірақ елді, бас билігін жоғалтып,
аштым, кенет, маған тірек болар түк
жоқ екенін; сонда өзіме кездестім,
өзім, өзім, емес дедім, өзге ешкім.
Бір халықты азат етер күш таптым,
бірақ ойым орната алмас ұшпақты,
екі талай елге пайда болмағы,
бәлкім мұның бекер шығар бәр-бәрі,
әйткенмен ол келер күннің хабары –
еркіндіктей күшті, сұлу, пәк әрі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қонақ

  • 0
  • 0

Бұлтқа орап омырауын,
Ай тосырқап қалқиды.
Үні жырақ қоңыраудың
Бір тынып, бір шалқиды.

Толық

Ертеңім бұлдыр көлеңке

  • 0
  • 0

Ертеңім бұлдыр көлеңке,
Өткенім түгел - мұң-зарым.
Өмірге келіп неге ерте,
Немесе кештеу тумадым,

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Қайтесің лайлап көңілді,
Өткеннің қозғап барлығын;
Онымен маған соғұрлы
Артылмас ынтызарлығың.

Толық

Қарап көріңіз