Менің ұстанымым – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Менің ұстанымым» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тілдесе де сыртымнан қай тарабым,
Сабырлықпен тек қана жай табамын.
Біреу маған жасаса жамандықты,
Жақсылықпен жауабын қайтарамын.

Сақталмаса өзгеге мүлде кегім,
Игіліктер келеді күнде тегін.
Жұрттардың былапыт сөздеріне,
Көңілімді мен неге кірлетемін?

Өшпенділік байқалмай еш үнімнен,
Барлығына қараймын кешіріммен.
Маған қастық жасаған адамдарды,
Күтіп алам күлімдеп есігімнен.

Мына әлем құшағын маған ашқан,
Әрбір күнім жазылған жаңа дастан.
Мақсатыма жетемін Құдай жазса,
Соқпағына өмірдің қарамастан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері