Нэераға – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Нэераға» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 719
Айтшы қане, не үшін анау асыл гүл
Тағасың сен бұйрасына шашыңның?
Тағы өткізгің келді ме әлде бетіңді
сәттік гүлмен сенің өзің секілді?
Неғыламыз ойға кетіп еске алып,
өз кезің де көрер бәрін басқа ғып,
Гүл секілді соларсың, көз ұмытар
Болар үміт, махаббаттың күні тар.
Таңмын саған: бәрін салып табанға
Жайбарақат қарайсың-ау тағы алға.
Уақытқа күлесің сен, бір түрлі
Нэераға бәрі бірдей сықылды.
Қайтып қана ессіз күймен сол әні
алғы өмірден тайсалмауға болады?
Мына өмірден - ұлы күлкі, кекесін –
Шын пейілмен бір қуанбай өтесің?
Бес жыл өтер: қарағанмен сен ұйып,
Сиқыры мол жанарыңмен мөлиіп,
Жұпар иісті төсегіңе сен енді
Тарта алмассың жігіт-желең дегенді,
О, тезірек өліп кетсең болады,
бір жас жігіт бетіңде ұят обалы десін:
"Рас сүйкімді екен жүзі шын,
Менен бұрын кім өлді бұл қыз үшін".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері