Өлең, жыр, ақындар

Портрет

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 520
Көзің сал мынау жүзге, талап қып мол
шебер қол салған мұны салақтықпен,
Бейнесі не тірі емес, емес өлі
аспанның рухымен кеңеседі.
Суық көз түк көрмейді, жанған мына
Жанары қарайды жат, таңдандыра.
Аузында сөз жоқ, бірақ болар әлі
Сөз үшін мұндай ауыз жаралады.
Қарашы: қуқыл бейне өкіндіре
матадан шығып кетер секілді де,
Қорықпайсың, көңілің құр көндіккен –
Жансыз сурет екенін білгендіктен,
Көздегі ащы мысқыл, келекені
Суреттің жансыздығы жоқ етеді.
О, тәңірім, көп тіріні көріп ем мен,
Мынаның қасында олар өлімен тең,
Күл басқан рухтарын, көңіл өзі
Суыған жоқ не түрі, не мінезі.
* * *
Уақыт келер - мен әй кәпір атанып,
Жат болып өз елімде,
Менің күнім дар алдында батады,
бітер сонда демім де.
Саған емес! Жұртқа жазған жерім көп,
Соңғы сәтімді іздедім. Сөз бе елім? –
Сен берік бол, берілме,
айыра алмас бізді өлім.
Басқа елде ешкім кінәламас уақытты,
Сезім үні - саналмайды жабайы үн,
біздегідей, ұрламайды бақытты
ағайыннан ағайын.
Менің қазам турасында, қағынып
Суық хабар жеткенде,
Жауын жеңген сабаздардай сабылып
мәз боп қалар көп пенде;
Сонда... сізден тілейтінім бас ұрып,
бір жақсылық жасаңыз,
Күрсінгенім үшін, елден жасырып,
жалғыз тамшы жас ағыз!
Пәк көңілдің қайғы, рахат, борышын
мен едім ғой ақтарған,
Мен едім ғой азап шегіп, сол үшін
Өзі құрбан боп қалған.
Ал, егерде мазақ етсең, масқара
тағдырымды сен-дағы,
Ғайбат сөйлеп еріп кетсең басқаға,
Халің қиын болғаны.
Құтыламын деме онда сырт беріп,
рухымнан қамыққан,
Қадалармын, жүрегіңе құрт болып,
Жаман болар тамұқтан.
Қайта оралып салақ күндер сөзуар,
Жаныңды жер күнде ескі үн.
Тіршілігің мәңгілікке созылар,
бірақ өмір сүрмессің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кінәлай берсін ақынды

  • 0
  • 0

Кінәлай берсін ақынды
Әжуашыл, аужай жау мына,
Үндемей алам ақымды,
Болмай-ақ қақпақ аузына.

Толық

Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан

  • 0
  • 0

Жалықтым ғой, жабықтым ғой, медеу болар жан
бар ма
Шыбын жаның шырқыраған шағында?..
Арман дейміз... ылғи бекер ергеннен не арманға?..

Толық

Жауынгер моласы

  • 0
  • 0

Жатыр ұйықтап мәңгі мұнда,
Жатыр шықпай шаң-дағы.
Бір төмпешік қалды қырда
Жасыл тепсең жан-жағы.

Толық

Қарап көріңіз