Өткен шақ пен болашақ – Бауыржан Жанабергенов

Бұл бетте «Өткен шақ пен болашақ» атты Бауыржан Жанабергенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір күндері кездессе,
Өткен шақ пен болашақ.
Болар ма екен осылай,
Ой салып, алысқа біз қарасақ.

Сен мені күттің бе?
Жайсаң менің бала шағым.
Сен мені іздедің бе?
Деп, қайдасың сағынышым...

Бір күні, болашағы өткен шақтың,
Түн жамылып, кіріпті түске жастың.
Жол көрсетіп, ізге салып жүрісін,
Түсіндіріп, өмірінің бұрысы мен дұрысын.

Сен қандай бақытты едің өткен шағым.
Қараймын келбетіңе, түспеген еш бір сағым.
Ескертіп, айтайын деп келдім саған,
Болашақта боласың сен менің бағым.

Қош келдің бас иемін ақ шашыңа,
Көріскелі барайыншы мен қасыңа.
Ассалаумағалайкум ағасы танымадым,
Төрлетіңіз қонақ болып отбасыма.

Деп, жастық шақ алдын алып,
Болашақтың қолын алып,
Беті әжім, шашы сиреп ағарған,
Кісіге, таң қалыпты сұрақ қойып.

Осылай кездесіпті екі уақыт,
Бір адамның басындағы екі бақыт.
Өткен уақыт болашағын өзгертсем деп,
Жол салыпты тізгінін кейін тартып.

Сен мені күттің бе?
Танымадың жастық шағым.
Сағынышпен кездесем деп,
Босағаңа келді сенің болашағың.

Сонда, жастық шағы сескеніп,
Сеніңкіремей қарап таң қалып.
Жеңін түріп белсеніп,
Сұрапты, тұтықтанып үн салып...

Не дейсіңіз ақсақал түсінбедім?
Жаңа ғана ұйқыдан тұрып едім.
Түсіндіріп айтыңыз щаруаңызды,
Бұрын соңды сізді мен көрмеп едім?

Сонда болашағы жәутаңдаған көзімен,
Шаршасада күлімдеген жүзіменен.
Келгенін өткен шаққа не себепті,
Айтайын деп сөзіменен былай депті...

Жиі қара болашаққа көңіл бөліп,
Сайран салма келмейтіндей мен жаққа.
Айтатыным қалма сен тек өкініп,
Жас шағыңды жеңіл желпі өткізіп.

Ағарған басымдағы әрбір шашым,
Болады ғой өмірден өткен жасың.
Бәрі жақсы, бақытым болсын десең,
Ақылына болашақтың көңіл бөлсең.

Ата анаңды қасыңдағы біріншіден,
Еске алма болашақта өкінішпен.
Ақылын тыңдай біл сен құлақ түріп,
Әні болсын, әр сөзін жүрегіңе жиып теріп.

Бауырыңды қасыңдағы екіншіден,
Алыстатпа, ана сүтін бөліп ішкен.
Болсын сенің әр уақытта қасыңда,
Құшағыңды не болса да айырма.

Нан бөлісіп, бірге өскен үшіншіден,
Дұрыс болсын сәлемің досыңменен.
Әйтпесе, өкінішпен әр досыңды,
Санайсың жыл сайын жасыңменен.

Таңдалмайтын, құдай берген төртіншіден,
Сыйластығың болсын сенің көршіңменен.
Қылығына, ұнамайтын кей кезде,
Артық болмас қарасаң сен төзімменен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен шақ пен болашақ өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Жанабергенов — осы өлеңнің авторы.

Өткен шақ пен болашақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен шақ пен болашақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Жанабергенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен шақ пен болашақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар