Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн – Табылды Досымов

Бұл бетте «Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн» атты Табылды Досымов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2931
Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн
(көкірегіне қалдырыпты мәңгі атын)
Мұңданады туған жерден кете алмай,
Тұлданады жетеріне жете алмай,
Шырмалады жер-шідерге сорлы ақын.

Алматысыз жетпейтіндей бірдеңе
Қайғы-құмда қайырлаулы жыр-кеме
Тума бауыр тапса-дағы көңілін
Торығумен өткізуде өмірін
Туған ауыл дейтін «Ұлы» түрмеде...

Арман ойы болғанменен мәңгі ұлы,
Алматымен тоқайласпай тағдыры.
Кеселі көп, нөсері жоқ өлкеде
Сағыныштан жан-жүрегі өртене
Жанарының тиылмайды жаңбыры ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері