Бұл бетте «Петр досқа» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
10.06.2019
0
0
2974
Досым Петр, жақын отыр,
Мұңдасайық сыр ашып,
Сен орыссың, мен қазақпын,
Кеше білдік сұрасып.
Сен жұмысшы, мен малшымын,
Ойда жоқта қостық бас,
Біз мұңдаспыз - бұл дәл шыным,
Болма Петр бізге қас.
Шошымаймын мен де сенен,
Сен де менен үрікпе.
Сырласуға уәде берем,
Салма ойыңды күдікке.
Үлесе алмас бізге не бар,
Екеуміз де еріксіз.
Бұл сырымды, дос, қабыл ал,
Тегінде біз серікпіз.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі