Бұл бетте «Дәуренбекке» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаудырап тоңып,
Қарбаңдап қолың,
Жер қазасың Дәуренбек.
Өзіңді зорлап,
Тағдырыңды қорлап,
"Тірімін, бұ да дәурен" деп
Қорлықты жүрсің мойындап,
Жүрген жоқсың ойын сап.
Туғанда анаң,
Қызықтап саған,
Атыңды қойған Дәуренбек.
Ержетіп ұлан,
Жігіт боп бұлан,
Жасасын қызық дәурен деп.
Бүгін сен кімсің, Дәуренбек?
Бүгін сен өгей әурең көп.
Қамшысын ағаң,
Үйірсе саған,
Тосасың арқа жоныңды.
Өлсең де үнсіз,
Сәулесіз, күнсіз,
Көтере алмайсың қолыңды.
Кімсің бүгін, Дәуренбек?
Өгейсің, көрер сәулең жоқ.
Қолыңда күрек,
Бозарып жүдеп,
Өткенің бе өстіп, Дәуренбек.
Еркіндік алып,
Аулыңа барып,
Жүрер ме едің дәурендеп.
Айта алман оның жауабын,
Қайтарман үміт тауанын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі