Жасыл жапырақ арасында – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Жасыл жапырақ арасында» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3617
Еседі жел кешкі самал,
Отыр ойнап қос өрімтал,
Жасыл жапырақ суылдайды
Сыбдырлайды көк шыбықтар.
Бұлбұл төкті әдемі әнін,
Таңдайынан тамғаңдай бал.
Қара көзі қаймаң қағып,
Ерні үлбіреп сүйіскен жар.
Жасыл тоғай жамылыпты,
Бал алысады қос өрімтал.
Гүлдей жүзін күлімдетіп,
Беттен сүйеді кешкі самал.
Жамырасын жапырақтар,
Жасыл майда жарқын таңды,
Күткен ойнап жас құрақтар,
Сүйсін жарқын, алсын балды.

1940


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері