Жар суретіне – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Жар суретіне» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2069
Қайта-қайта мен қараймын
Суретіңе сенің келген.
Жарқын өңді таба алмаймын,
Келбетің тұр мүлде өзгерген.
Дерсің соғыс әжімі ғой
Ауыр күнде салған ізін.
Бар сияқты тағы бір ой,
Суық, суық, рас жүзің.
Күтем, күтем, жан жүрегім,
Ынтызарым жалғыз өзің.
Аман қайт тек бар тілегім,
Жоқ қой менде басқа сезім.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері