Өлең, жыр, ақындар

Айтыс

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 718
Қоймаған соң қолқалап,
сөзден жасын ататын
шыға келген ортаға
екi жақтан екi ақын.
Қаhарланып, толғанып,
күлiп,
бiрде күйiнген,
қыран құстай қомданып
бiр-бiрiне шүйiлген.
Әрi-берi байқасып
iштен iлiп шала алмай,
сөздер жатқан шайқасып
бiрiн бiрi ала алмай.
Алқалы топ бiрiгiп
көрсеткенде қошемет,
құтырынып, құбылып
төккен ақын еселеп.
Жеп қоярдай жұтынып
ұмтылғанда арсыз сөз,
тауып кетiп ұтырын
сойып салған қамшы сөз.
Әжуа сөз шыдатпай
кеткен кезде күлкi етiп,
айлалы сөз бiрақ та
шығып кеткен бұлт етiп.
Жұрттан сұрап шен-шекпен,
кеткен сөздi ұсақтап
кекесiн сөз сол сәтте
iлiп түскен пышаққа!
Бiр тапқыр сөз әзiлдiң
күлкiсiмен
шiренген
содыр, оғаш сөзiңнiң
белiн үзiп жiберген.
Қалған бiрi бүк түсiп
жан далбаса алысып –
жүрегiне
қып-қызыл
сөздiң шоғы жабысып.
Ашу сөздi қатырып,
ұтымды сөз тосқан ғой.
Мақтаншақ сөз қапылып
масқара боп қашқан ғой...
Мың құбылып жайтастай
салған талай азапқа, –
айтыс деген
шайқастан
кем болмаған қазаққа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатаудың мәрттігі

  • 0
  • 0

Алатау батыр
Күндердің күнінде
Мінәйі бір себептермен
Қалмақ қоңтайшысының

Толық

Түнгi трасса

  • 0
  • 0

Түнгi трасса.
Күзгi жел ұлиды қасқырдай.
Сақ болшы, кезекшi ГАИ мен
көрсеткiш бағандар,

Толық

Түнгі өлі көл жағасында

  • 0
  • 0

Таусылады бiр шыдам!
мына көлдiң, –
қарашы! –
Қорғасындай жаншыған

Толық

Қарап көріңіз