Өлең, жыр, ақындар

Қажытып, мезі етті ме сандырағым?

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 747
Қажытып, мезі етті ме сандырағым?
Ой кешіп, көз ілмей-ақ таңға ұрамын.
Әкемнен қалған ептеп бұл жалғанға,
Басталмақ басы менен, бар мұраның.
Өзіңсің енді жалғыз қыр алыбым,
Мен де аға, сахараның қыранымын.
Астына паналатшы қанатыңның,
Жетейін, мауқымды бас, тұра бүгін.
Белгілі, жоқ еді ғой тас қорғаным,
Жеткенмен өзек өртеп достарға әнім.
Жалғанда залалы көп жақсылыққа,
Қалмадым қарқылынан қас қарғаның.
Сондайда көн жарамды қыр емдеген,
Үмітпен жаным қайта түлер деген.
Барып ем, таба алмадым жақын маңнан,
Көңілдің кер бестісін мінерге мен.
Содан ба, әлі күнге пәс келемін,
Ойларым орындалмас әсте менің.
«Жол болсын, бұл сөзіне көп оттаған,
Сыйымды ұқпай кеткен нас неменің».
Демеңіз, сардар аға, шамдана қап,
Кетеді талай білгір жаннан ағат.
Жанымды жәй таптырмай шаттандырар,
Тек қана құба белде самғаған ат.
Тірлікте мен емес ем сый көрмеген,
Болғамын дастархандас билерменен.
Басады мұң-наланы тұлпар ғана,
Кеудемді толастамас күй кернеген.
Барғанда ер-тұрманмен атыңды бер,
Шабам ба, желемін бе – тақым білер.
Мен үшін үлкені осы сый-құрметтің,
Содан соң, Әділді емес: лапылды көр.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Талдықұдық болды да

  • 0
  • 1

Талдықұдық болды да
Тал бесігің,
Өміріңнің сен аштың мәнді есігін.
Шұнақ құла ат – бастауы жігіттіктің,

Толық

Тұман торлап, сананы саудалаған

  • 0
  • 0

Тұман торлап, сананы саудалаған,
Таусылмайды сұрақтар қаумалаған.
Езілсе де ет-жүрек қасіреттен,
Маңғаздықты мен қалқам, таудан алам.

Толық

Қазақтың қолтумасы

  • 0
  • 0

Қазақтың даласы бұл қаңтардағы,
Уақыт өткен сайын артар бағы.
Күсет қар нығыздалған,
Ал жылқысы –

Толық

Қарап көріңіз