Тал түс – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Тал түс» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1083
Алашабыр күн ақиып кетер,
Аңызақ соғып түстiктен.
Жауыным қайда ақ құйып өтер,
Жасырынған ба құс бiткен?
Тал-қайың тұрды таңдайы кеуiп,
Талауы шығып көгалдың.
Қаз тұрған желдiң шаужайын көрiп
Қазбауыр бұлттар жоғалды.
«Қалбаның басып шоқтығын қалың
Қабарған күнге төзем бе?» –
Iлестiрiп ап боқмұрындарын
Iнiм де тартты өзенге.
Аулақтан ауған құйрықты құйын
Аулаға енiп бiздiң кеп,
Бұрала билер бұйрықты биiн.
...Бұрышта тұрдық бiз күндеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері