Өлең, жыр, ақындар

Домбыра

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 798
Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн
толғақ жатыр домбыраның бойында.
Толғақ жатыр –
толқытатын дананы,
толғақ жатыр –
толқытатын даланы.
Құрсағындай аяғы ауыр ананың
шермиiп тұр оның қара шанағы.
Мұң шыққанда қайғылыдан, зарлыдан,
жыр шыққанда ождандыдан арлыдан,
тыңдап бәрiн
саздарына тiрлiктiң
жүктi болған менiң қара домбырам.
Дiрiлдесе –
суық ойдан тоңғаны,
күбiрлесе –
қанатының талғаны,
осылайша күлiп, қайта жылаған
басталады оның ендi толғағы.
Жаныңды жеп,
өн бойыңды аралап,
қан тасытып,
жүрегiңдi жаралап,
толғақ қысқан менiң қара домбырам
ақырында үн туады ғаламат.
Үн туады ол,
үн туады безiлдеп,
сөз слкiнтiп,
ой тұтатар көзiнде.
Үн туады ол,
үн туады безiлдеп
әрең шыдап тұрар сабыр, төзiм де.
Жұлдыз тамып,
өткiрленер орақ ай.
Үн шалқиды ештеңеге қарамай.
Бiтер сонсоң,
жатар сұлық домбырам
жаңа ғана босанған бiр анадай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең жазып отырмын

  • 0
  • 0

Өлең жазып отырмын.
Қаламымды
Көкпеңбек көлдерге
Малып алып

Толық

Дағдарыс

  • 0
  • 0

Мен қазiр –
Қабарып батып отырмын! –
Мұң мен қапаға.
Ақылым – айран,

Толық

Қайда, сол кездер?!

  • 0
  • 0

Ішіме от толып кеткенде
Қарағайдың бұтағына
Қарыс боп қатқан мұзды
Омырып алып

Толық