Тракторшы Николай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тракторшы Николай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1245
Жаңа келген Кубаньнан
Тракторшы Николай,
Еңбегін ел құп алған,
Көтеріпті тың талай!
Дала қойны балбырап,
Тау бусанып, жер жібіп,
Екі беті албырап
Рульде отыр ер жігіт.
Николайдың қасында
Тіркеуші қыз Бағила,
Жер жыртысқан асыға,
Әзілдескен тағы да...
Қайтып кешке жұмыстан,
Қол жуды олар өзеннен,
Күлкі-әзілі жарасқан
Жақсы жастық сезіммен...

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері