Көңіл шіркін қамығар – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көңіл шіркін қамығар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4099
Көңіл шіркін қамығар:
Қанша өмірдің масылы!
Адамның да аңы бар,
Аңның да бар асылы.
Шаттық үшін тудың ба,
Шұқи көрме жараны!
Шипасы бар удың да,
Шөптің де бар арамы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері