Қариялар кеміп қалған сияқты – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қариялар кеміп қалған сияқты» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3261
Қариялар кеміп қалған сияқты,
Дәриялар кеуіп қалған сияқты.
Арулардың құты қашқан сияқты,
Аруананың сүті қашқан сияқты.
Аспаныңның күні сөнген сияқты,
Жас жаныңның гүлі семген сияқты.
Бақыт құсын атып кеткен сияқты,
Жақын кісің сатып кеткен сияқты.
Дейсің маған, көкірегі қаяулым,
Өмір тіпті олай емес, аяулым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері