Сен ғана – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сен ғана» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2119
Некемді мекер мұңмен қидырамын,
Өлеңнен кәттай шарап құйдырамын.
Өмірді өлең түгіл шумағымның
Жалғыз-ақ бір жолына сыйдырамын.
Жанымды селт еткізбес у да мына,
Шағала сағынышым шулады ма?
Бір жолға сыйып кетті бүкіл әлем
Сен ғана сыймай қойдың шумағыма...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері