Иығыңа сүйеп едім басымды – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Иығыңа сүйеп едім басымды» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 5139
Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды...
Тулаптай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!
Иығыңа сүйеп едім басымды,
Жан сарайым хан сарайдай ашылды!
Жүрек сорлы бұлқынысын жасырды,
Кірпіктерім күрсінісін жасырды.
Тазалықты сенен көріп тосылдым!
Адалдыққа болар едің хас үлгі.
Бар әлемнің сатқындығын кешірдім
Иығыңа сүйеген сәт басымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері