Сен де мені тергемеші – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сен де мені тергемеші» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1360
Сен де мені тергемеші
Шалқасынан туған айым.
Жер болғанда жерлемеші,
Мен де сені қинамайын...
Көтеріп кет көкте Күнді,
Алып қалам туған Айды.
Қалдыр маған көктемімді,
Жұтпасыншы ол да қайғы...
Екеумізге не жетпеді?
Бәлкім, ауа? Әлде Күн бе?
Жел несіне өбектеді?
Ынтызар ма әлдекімге?
Бөліспей-ақ ұмытайық,
Бөлінбейтін заңдылықты.
Келші, мұңды жылытайық
...Таң қылықты... жан күдікті...
Кешір желдің бостандығын,
Тым кешіккен көктеміңді!
Келер, бәлкім, тосқан күнің,
Суықсың деп сөкпе мұңды...
Бәрібір ғой, жазам осы –
Сүйе берер жүрек Айын!
Сен де мені қажамашы,
Мен де сенен сұрамайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері