Барында сері дүнием сендей еркін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Барында сері дүнием сендей еркін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Барында сері дүнием сендей еркін,
Өтсем деп осылайша сөнбей өртім,
Ақтардым жатқан сырды жанға айтылмай,
Сарт та сұрт лапылдап бір жанбай тынбай,
Өзен боп өтсем дедім шуы бөлек,
Суынан сусап ішір қанбайтындай.
Салдырып сары далада бұрын еткен;
Алдымнан соғады асыл құдірет-дем,
Мен ұқсар бар сияқты бір данышпан,
Өмірге ірі боп кеп, ірі кеткен.
Бардай-ақ ұқсап тынар асқақ арын,
Сол болып асқарым да... жасқанарым.
Соны іздеп келемін кең кеңістіктен,
Көрместен, көзге ілместен басқаларын.
Осылай омырауымды ашып таңға,
Жалындат шабыт қылын басып қал да.
Керемет ұлылық бар сияқты бір,
Мені аңсап жатқан маңғаз қашықтарда.
Барында сері дүнием сендей еркін,
Соны іздеп самғайын да, сөнбей өртім.
Мол екен ғой табиғатта батылдық,
Қолы да еркін жеткен білем көп тегі.
Олпы-солпы мына мені ақын ғып,
Сені сұлу жаратқаны – не еткені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері