Орман арасындағы егін – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Орман арасындағы егін» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2247
Күн сәулесі жүгіріп,
Кезді алқапты қыдырып.
Ойнады орман үстінде
Шұғыла мың құбылып.
Барлап байтақ даланы
Күннің көзі қарады.
Орман, орман — ну орман
Ортада егін аралы.
Белдеуіндей оралған,
Күзетші боп көк орман,
Қорғапты егін даласын
Аңызақтан, бораннан.
1952


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орман арасындағы егін өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Орман арасындағы егін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орман арасындағы егін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орман арасындағы егін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері