Туймазы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Туймазы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 823
Башқұрттың елінде
Өткен бір жыл жазы, —
Маған кез келді де:
— Тұрағым Туймазы;
— Туймазы — мұнайдың
Көзі боп тұр айдын!
— Деп, біреу танысып,
Тұрды жай қаранып,
— Көріңіз жарысып,
Бізде де бар алып —
— Ол — Эмбі нефтіміз,
Үн қаттым,— деп — теңіз.
Жымиып сол адам:
— Сәлем айт, Эмбаға!—
Жарысса,— құп алам,
Деді де,— ал аға;
Жымия қоштасты,
Ойы ойға ұштасты...
Сәлемін жігіттің
Жеткіздім Эмбаға,
Жолыққан жігіт кім?
Десеңіз,— кенге аға,—
Туймазда бұрышы,
Жүзінде тұр күші.
Сәлемді құп алған
Эмба мен Туймазы,
Отанға мұнайдан
Берсін мол байғазы! —
Деп сыйлық ел күтті,
Мен күттім жігітті.

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері