Арман емес
Бұл бетте «Арман емес» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алпысты алыс жас көріп,
Ойлаушы едім жетпестей,
Балғын дене, жас көрік,
Көрінуші едің кетпестей.
Жетіппін сол алпысқа,
Алқына басын асығып.
Жастықтан қалды қай нұсқа,
Қарттыққа тұрмын бас ұрып.
Ойласам алдым жақындап,
Артымда жатыр алыс із.
Кәрілік жетті тақымдап,
Құтқарар емес, алдым құз.
Мұңайып маған қарайды,
Бір кездегі жастық күн,
Миллион ойлар тарайды,
Әлсіз ғана келеді үн.
Анық неге естілмей
Алыстайды сол дыбыс,
Көктемі жастық көшкендей,
Тұр ма әлде жақын қарлы қыс?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі