Поезд үстінде – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Поезд үстінде» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1606
Көкпекті жонда көлкілдеп,
Будырап жатты ақша қар.
Бастықпай беті үлпілдеп,
Жап-жаңа түскен қалпы бар.
Жарқылдап қылау күмістей,
Көрінді маған поездан.
Өңіне кіршік із түспей,
Түскендей сынып жұлдыздан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері