Өзіңді өзің дәстерлеме
Бұл бетте «Өзіңді өзің дәстерлеме» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Кейбір досқа)
Өзіңді өзің дәстерлеме,
Семіз сөзбен серпіндеп,
Жат көресің елді неге
Оныңнан кім серпілмек.
Жыртық ойың жырым-жырым,
Сыртқа шықса ыдырар.
Арты ашылып барлық сырың,
Бос сөзің ел қыдырар.
Кеселі үлкен кер ауыздан
Кернеп шыққан кейбір сөз,
Дәні шірік бос қауыздай
Үгілер де, өшер тез.
Көп сүймесе, кім күшімен
Елді именіп сүйдірмек,
Дос тимесе өз ісімен
Көпті қалай күйдірмек.
Алтынмын деп жарқылдаған
Жалған жезден жаман жоқ.
Асылмын деп барқылдаған
Айғайға орын қалған жоқ.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі