Сахна саңлағына – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Сахна саңлағына» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1844
Қалыбек Куанышбаев жетпіске келгенде

Өзің өскен сахараның,
Өзің ашқан сахнаның
Сандағы өрен майталман,
Сүтпен біткен өнеріңді,
Сүйсіндірген күллі мыңды,
Сөзім жетіп айта алман.
Теңіз мінез, терең сырлы,
Асқақ сипат алуан қырлы,
Ажуаның ақ берені,
Күйдіретін күлкің жауды.
Күлдіретін кес - мылқауды,
Өрелі өнер ой тереңі.
Халқыңның сен Қаллекиі,
Сыбағаң боп халқың сыйы,
Еркелеткен елің сүйіп,
Өнеріңе сүттей ұйып.
Балаға әке, халқыңа аға,
Өнер көшін өрге сүйреп,
Кер тартқанды сөзбен түйреп,
Қажымас нар қайтал жаға,
Жеттің жетпіс қамал жасқа,
Қарттық итті бір теп басқа.

23 сәуір, 1963 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері