Қара көз – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Қара көз» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2291
Жаным сүйген қара көз,
Қай уақытта болам кез.
Алдым — майдан, артым — ел,
Қосылар шақ - ақ болсын тез.
Қарағым, қара көзім, сарғайдың ба,
Сағынып жас жүрекке зар жайдың ба?
Ауытқып әлде көңілім алаңдайсың,
Толқындай дауыл қуған көк айдында.
Қашанда, қалқа жарым, сен қасымда,
Жауынгер жарым да сен, жолдасым да,
Сен барсың сенен бөлек минутым жоқ,
Жүрсем де оқпен оттың ортасында.
Кеудемде сен біргесің сезім барда,
Өзің де өміріңді соған арна,
Достықтың жайнай түссін жарқын таңы,
Сертім де, антым да осы сүйген жарға.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері