Өлең, жыр, ақындар

Тракторшы комсомолдың жыры

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3368
Айт жануар! Сом темірлі,
Шойын дене тұлпарым.
Поршен - жүрек, блок
Тозбас темір ұлтанын,
Магнитодан жан тарайды
свечпенен кеудеңе. Бірден -
бәрі кірсе гүрілдейді дәу дене.
Поршен - жүрек алып ұшып
Астын-үстін қозғалады денең - алып,
дем шығарып Жер қазбалап.
Банктен су, керосин, бензин жүрегіңді майлайды.
Сонда поршен ойнайды.
Ішің алмас, сыртың темір, алдың биік,
сыртың рас қырда, өрде, күндіз, түнде
артында плуг тартып бас,.
Ауыздықпен алысамын
Біздің ұран - машиналар комсомолдар
басқарған Басқаларға үңіліп
Бағынасың,
Бағынтады!
Лениниял жас иен,
Шығыстан соққан қатты жел
Тереземді қағады.
Ақынға мені жіберші
Дегендей - ақ болады,
Шығыстан соққан қатты жел
Әдейі іздеп келгендей, -
Үлкен шыққан маңдарға
Басыңды көтер дегендей,
Терезе, есік тарсылы
Түн ұйқымды бөлгендей.
Өлкемнен соққан қатты жел
Әлде ақынға өлкесінен
Көп хабар
Әкелгендей - ақ бола ма?
Кеше бұл жел белдеп,
Жылаудан көз ашпаса,
Бүгін тіпті басқаша
Қуанышпен соға ма?!
Өлкемнің күйі - күні күй
О да соны ұға ма?
Мүмкін мұның бәрі рас
Әйтeyip, бір сыр бары рас,
Айта баршы осымды.
1933

Оқуды міне бітірдік,
Бір күн қарап бос жату
Большевиктік дәстүрге
Еш уақытта жатпайды.
Жел тұрған жақты жолдасым
К. С. С. Р. деп атайды.
Міне, сол жердің іргесін
Ертең ақын аттайды.
Шығыстан шыққан қатты жел
Баяулап барып тоқтайды.
Бірақ менің көңілім
Қуанышқа көміліп,
Бір тыныштық таппайды.
Тіліме сөйле демеймін
Тіл тізгіні қолымда.
Жүрекке қуан демеймін,
Ол қуаныш қолымда
Наркомға мен де кіремін
Осы барар жолымда.
Жолдас Ораз жсаулы,
Комиссарлар кеңесі!
Өлкеге ақын қарыздар,
Өлкеге ақын береді.
Егін жинау кезінде
Қызыл қырман басына
Ақынды да жіберіп,
«Қоя тұршы» демеймін
Начальник жолдас, қарашы!
Алдыңызда ақын тұр
Мынау жыры, өлеңі,
Өлкеде оның оты тұр.
Сарайына колхоздың,
Сиырының, атының
Ақыңды да жіберіп
Өлеңге де ақынның.
Әрбір әнге, мақтаға
Өлеңімді арнайын,
Өлкемнің барлық жеріне
Сәлемімді жолдайын.
Барлық жаққа жол тартар,
Барлық жерді шайқатар
Желден де мен қалмайын.
Еш уақытта талмайын,
Өлке түскен жолынан
Жалықпайын, таймайын.
Поэзия - зор қару,
Зор қаруды қолға алып
Астығымды қорғайын.
Телегей теңіз шабыста
Тепсінбейтін тұлпар ма,
Желдей ессе жігерін
Тебіренбейтін адам бар ма,
Өлке ісіне түсінсең
Төгілмейтін жыр бар ма,
Төбесінде жүргенде,
Тұлпар тұрар күн бар ма,
Социалдық дәуірде,
Пайдаға аспас қыл бар ма?!
Олай болса начальник,
Ақын барса қырманға
Ол шабысты тыңдаса,
Тыңдап, біліп жырласа
Онысында мін бар ма?
Шығыстан соққан қатты жел
Баяулап барып басылды.
─ Өлкең шыққан майданға
Дей ме екен көтер басыңды.
Түізетуде қатені өлке екенін асырды.
Сол қарқыны, екпіні
Жатсам - дағы алыста
Ұйқымды менің қашырды,
Бірақ мен тіпті қуанамын,
Өлең жазып осы түн
Жастыққа қоймай басымды,
Мен қуанам өйткені
Өлеңменен өлкеме
Көмегімді бере алам,
Сүйей алам досымды.
Сәлемде беріп өлкеме,
Айта баршы осымды.

1933



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көмір жырынан

  • 0
  • 0

Біздің жігер ойын түзеп алып күні,
Техника мен қаруланды өндіріс.
Еңбек өніп, Норма толып, Артық беріп,
Шалқып ағып шыңға шыққан біздің іс.

Толық

Меруерт алқа

  • 0
  • 0

Аспандағы күміс айдай, жас ақынның жары бар,
Аспандағы күміс айдай, құралайдай жаны бар.
Құралайды, күміс айды, тура қарап көріп ет:
Көздері бар күлімдеген, күлкісі бар меруерт.

Толық

Бұл не деген бақыт еді

  • 0
  • 0

Бұл не деген бақыт еді
Қуаныштың ордасы:
Он жыл өлең жазыпты.
Жас ақынның жолдасы.

Толық

Қарап көріңіз