Бұл бетте «Соғыс мүгедегінің әзілі» атты Светқали Нұржан жазған соғыс туралы өлең берілген.
"Соқыр қылған жоқ, шырақ, құдай мені,
Соқырлықтың себебі былай, — деді:
Көздеріме тыққанмын көк қорғасын,
Көрмеу керек нәрселер көп болғасын!
Керең қылған жоқ, шырақ, құдай мені,
Кереңдіктің мән-жайы былай, — деді:
Тығындағам құлаққа көк қорғасын,
Ұқпау керек нәрселер көп болғасын!.."
Осыны айтып, әлдене ескерткісі
Келді қарттың.
Бейне бір кешкі өрт — түсі...
Соғыс деген — көрсоқыр,
Тас кереңнің
Көзі тірі қалған бір — Ескерткіші...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі