Бұл бетте «Түнгі таным» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараңғылық жарықты еппен сырды,
Құс жолы анау шаңытқан...
Неткен сыр бұл?! —
Жаңа ғана аспаннан бір ақбоз ат
Құйындатып,
Кісінеп өткен сынды.
Бұза алмайсың осынау келісімді,
Кеңейткендей боласың өрісіңді.
Жұлдыз қалған
Шашылып, әлгі ақбоздың
Шашыраған жан-жаққа тері сынды
Көз жіберіп бұл шеті, ол шетіне,
Айдалаға түнесең — Менше түне.
Жез үзеңгі-ай жатыр әудем жерде,
Түсіп қалған үзіліп жол шетіне...
Көктен — жерге жыр болып түскен есен,
Өңім екен барлығы, түс пе десем. —
Бұл ғажапты көрмес ем,
Жауырыныммен
Туған жерді бір рет иіскемесем!..
1986 ж.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі