Сағым-арман – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Сағым-арман» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1795
Күн күйіп тұр.
Қан құрғап шөлдегенім,
Таңдай — тандыр,
Көз — бұлдыр, кермек — ерін...
Үміттеніп жеткенім шиман тақыр,
Болып шықты көк сағым — көл дегенім.
Өрмекшінің мен кештім өлмес күнін,
Иесіз дүздің өксігін енді естідім.
Тақымымда таңертең ойнап шыққан
Солқылдайды бүйірі кер бестінің.
Қу медиен.
Пенде жоқ хал-жай сұрар,
Жұмырым — бос.
Емге жоқ таңдай шылар.
Талмай шыдар сапарға серік қайда,
Қалмай сынар безер құм — нардай сұлар.
Тынбай шалып аңызақ мұңды күйін,
Тыңдай салып күйлейді күллі биін.
"Алыс жолға неме ғой жалғыз шыққан!..
Деп табалап қашқан кіл жынды құйын.
Қақпасынан енгенше теңбіл доп-күн
Мен білмеппін. —
Қанша әлі жол жүрмекпін.
Келдің-кеттің демейтін қыр меңіреу,
Нілін ғана талмаймын зеңбіл көктің. 
"Жетер жерге жете алсам — құдай қалап."—
Үміт, күдік арбасты, мың ой қамап.
Сағым қуып жүргенде өлгендердің
Молалары самсап тұр—сынай қарап...
Естілгенмен дүз демі жат сарын боп,
Көштім көлден — көзімде бақша бүрлеп.
...Шөлдеп келем Ұлы Арман —
Кәусар Жырға,
Алдамағай жеткенде-ақ сағым боп!.. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағым-арман өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Сағым-арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағым-арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағым-арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері