Қыран аққуды ілген күн – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Қыран аққуды ілген күн» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1701
Кірпігімді қансіңді жасқа малып,
Көшті қанша көзімнен мас-қара бұлт!.
Аспан ағып...
Ажал боп теуіп қыран,
Құлады аққу безқара тасқа барып.
Кетті, кетті, қайтейін, тағат менен,
Кезіктім-ау бекерге, қап, әттеген!
Сұлулықты Асқақтық майып қылып,
Тұрып қалдым шарасыз қарап төмен.
...Бытыраңды жинама кірпігіңе,
Мылтығыңды қинама,
Жарақты өлең!..
Көктен қысым көрген соң,
көлден қысым,
Тас құқшақтап қалыпты өлген Мүсін.
Қалай өлді? —
Ашаның бұйрығымен
Періштенің кейпіне енген құсым!..
Жүрек пенен ұрғандай миға жасын
Өртенесің.
Сөнесің.
Қиналасың.
Не қайран бар,
Осынша кең аспанға
Қос қасиет иесі симағасын?!
Аққу Мұңы — көздегі бұршақ екен,
Қыранымның шеңгелі — мұнша бөтен!
...Аққу жатыр.
Қыран жүр ұшып көкте,
Қайсысына назарды бұрсам екен?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері