Күз – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Күз» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 3
  • 17872
Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды.
Күтіп жүр ек біз оны әуел баста-ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, миуасын — бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Нурсая

Оте керемет!

Сания

Оте кереме

Сания

Оте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері