Тыныштық көрінісі – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тыныштық көрінісі» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1616
Дала. Теңіз ...
Бір-бірінен құт дарып,
Бірін бірі жатыр шөлден құтқарып.
Дала - ананың алақаны ұсынған
Жағадағы ақ жем тастар сықпа құрт.
Дала анасы, теңіз - бала. –
Бір төркін,
Екеуінің махаббаты үлкен тым.
Сылқ - сылқ күліп еркелейді сәбиі,
Сықпа құртты жалайды кеп тіл - толқын ...

1987 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері