Жыр биігі – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жыр биігі» атты Светқали Нұржан жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1687
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігімде.
Т. Айбергенов

Жырың түсіп кетті, деп, биігінен,
Айтар болдың сен маған жиі кілең.
Кейде бәрін тамызық қылғым келед,
Сен ұсынған Заһардың күйігінен.
Сол сөзіңнен тіліммен от көседім,
Шаранасын нәті асыл сөкпес елім.
"Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты"
Төлегенмен мен - дағы тектес едім.
Тақпа кінә сәбиге — өлеңіме,
Қам жемей - ақ қой маған, керегі не?!
Сан дария сарқырап құйып жатқан
Көзің жетпей жүр, бәлкім, тереңіме.
Туған едім озалда тілмен сыңар,
Сыңарыма тиіспе — мүрдең шығар!
Қара бұлттар ұйлыққан биігіме
Өрең жетпей, кім білсін, жүрген шығар?!
Сенің айтқан сөзіңді данасына,
Бересіге бермеймін, аласыға ...
Даласындай далиған жан әлемім
Симас сенің шамаңның шарасына.
Жылар жерде сәбише жылай білдім,
Құлар жерде жігітше құлай білдім.
Танысын деп ізімнен сонарлы өлке —
Тізгінімді олай да, бұлай бұрдым.
Шындығымды жоғалтқан сұрай жүрдім.
Ақиқатын айтады құдай бір күн.
Тылсымыма тұншығып қаларың бар —
Шамаң бағып, шаптықпай былай жүргін!
Дос жыласын, демеймін, жат өкінсін,
Қажет емес арыма бататын сын ...
Жырым түскен жерінде биігінен —
Асқақ, әппақ Күмбезге бата оқырсың!..

24.08.1983. Жіңішке өзені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр биігі өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жыр биігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр биігі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр биігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері