Экспромт-элегия – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Экспромт-элегия» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1775
Жарты айлы бейіт тұр қарап қырдан,
Төбесіндегі Үркер-ау.
Мен кеше ғана іңгәлап туған,
Мына бір қара жұрт еді-ау.
Керуен өмір барады көшіп,
Айналып борар бұлт ұнға.
Қалады есік, қалады бесік,
Адыра мекен жұртымда.
Боздармыз, бәлкім, күлкіден қалсақ,
Бота даусымен азанғы.
Жалайды бөрі, түлкі мен қарсақ,
Ошақта тұрған қазанды.
Ұлиды бәрі түк таппағасын,
Құтырар жел де күл сабап.
Ай ғана жарып шықпақ қанасын,
Ажарын бұлтпен тұмшалап.
Біздің көш кетер босып ғасырға,
Жоқтауым жел боп айтылар.
Қоңырау шалып,
Бесік басында тұнжырап, таңғы ай тұрар.
Таңғы айды уақыт ақса күйме ғып,
Қалады қырда бос бесік.
Тағы бір жұрттан ақ сәби болып,
Шығады нұрым тасқа өсіп.
Жасқа боялған омырауымен,
Жөргегін дауыл жұлмалап.
Оянып кетіп қоңырау үнінен,
Қол созар айға іңгәлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Экспромт-элегия өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Экспромт-элегия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Экспромт-элегия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Экспромт-элегия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері