Бауыржанмен бақұлдасу

Бұл бетте «Бауыржанмен бақұлдасу» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1413
Б.Үсеновтің рухына

...Ай-ірімшік тістеген қарға түн-ді...
Жұлдыз-көзді түлкі әлем — салдақы үнді,
Қыңсылап ап сәл ғана ол да тынды...
Дүрліктірмей Жамбылың, Алматыңды,
Қарға түннің тығылып қанатына,
Қара өзенді жағалап қалың тобыр,
Табытқа әкеп тағы бір салды ақынды.
Қара өзеннің бетінде — аппақ табыт. —
Қауырсыннан жіберген қақпақ қағып.
Ақ қорғасын асыққа құйылғандай,
Табыт деген ақынға шап-шақ — қалып...
Құйылған соң қалыпқа сен де, тегі,
Қара өзенге ағызып ел кетеді.
Түріліп қап түлкі-әлем желге етегі,
Өп-өтірік көз жасын көлдетеді.
Тамған жастан жанданған қара өзеннің
Толқындары табытты тербетеді.
Ұрттам демің тар жерде тұншығады,
Аппақ табыт жөнейді ыршып әлі.
Қауырсынды — қапасты жарып сосын
Қоңыраулы құпия үн шығады.
Ол үн сенің Ақтық дем — жан дауысың,
Жан дауысың тұншығып қалмау үшін
Қауырсыннан жіберген қақпақ қағып —
Қоңырау үн аспанда самғау үшін.
Қоңырау үн жеткенде жыраққа ұлып,
Ажал қапы қалғанын бір-ақ біліп;
Дауылды ертіп,
Долырып ұмтылады,
Тастамақ боп жағаға лақтырып.
Елірер кеп, ол билеп-төстеп күліп,
Ойнақ салар, жатқандай кеспекті ұрып.
Сонда рухың табытты сақтап қалар,
Қауырсынды жұлып ап ескек қылып...
Жұлдыз шаншып, ай қадап аспан әлі
Ашпаса да өзіңе қас-қабағын —
Қара өлең деп аталар Қара өзенде,
Сенің мәңгі сапарың басталады.
Бозара бөртіп сәлден соң таң атады,
Күн ерінін тау жырып қанатады.
...Ақ өзеннің бетінде — қара қайық
Ақ желкені желбіреп баратады...
..Ақ қауырсын... ақ желкен ... аппақ табыт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауыржанмен бақұлдасу өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бауыржанмен бақұлдасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауыржанмен бақұлдасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауыржанмен бақұлдасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері