Ән-тәбәрік

Бұл бетте «Ән-тәбәрік» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3692
Астана туралы ән
(Еленаның әні)

Нәр алып ұлпа қардан,
Гүл өрді қырқалардан.
Сарыарқам — сағынышсың,
Көзімді қымтап алған.
Шырқаудан шырқаларда ән,
Көркіңе мін таға алман.
Ақ Есіл — ақ білектей,
Ай — тарақ,
Түн таранған.
Қайырмасы:
Астанам, Ордасы бол,
Татулық, тыныштықтың.
Пәк сапар — жол басы бол,
Таусылмас ырыс-құттың.
Алам деп өмірге азық,
Айналам Астанамнан.
Сен боп қал Темірқазық —
Болашақ бастау алған.
Өтсек те мың сындардан,
Ассақ та кіл шындардан;
Үкілеп Үмітімді —
Тау талып, күрсінді орман. 
Күн бұлтқа тығылардай
Көркіңнен қымсынғаннан.
Астанам — Құбыламдай,
Кеудемнен бүршік жарған!..
Қайырмасы.
Ақ Үміт! —
Әр жүрекке,
Жет — мұңнан айықтырып.
"Өткізем арғы бетке
Сырғамды қайық қылып".
Сүйемін Жан-Елімді,
Атқанша Тылсым Ақ Таң —
Жеткізер сәлемімді
Жұлдыз ән сыңсып аққан!..
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән-тәбәрік өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ән-тәбәрік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән-тәбәрік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән-тәбәрік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері