Бұл бетте «Көктемдегі түнгі елес» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн — тылсым бақтан тіл қатты,
Мұң — бүршік жапқан гүлге ақты.
Бұл терезесін жанымның
Кім — тырсылдатқан тым қатты?
Қайырмасы:
Қайран, қаққанда таңдайын кең далам,
Қонғай ақ қанат аққулар көлге аман.
Гүл майысқанда —
Бал құмар көңіл
Тынбай ұшқанда
Кел, маған!
Мен — жимай жүрмін мүлдем ес,
Сан алдым, бірақ, гүлден өш.
Тұр бейнең әлі көзімде —
Сол көктемдегі — Түнгі Елес.
Қайырмасы.
Бақ құшаққа алған жерімнен
Мен сонда неге шегінгем?
Жел боздайды Ерте Көктемде,
Беу, терезесіз көңілден!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі