Заман – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Заман» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1525
"Пайда - күн — ем, дүние — қоң, ыз етсең,
Есті жумай, есек артын күзетсең". —
дейсің, Заман, менің сара жолымды
Қисық тезбен кеткің келіп түзеп сен.
"Күн — бейілді, жер - мейірлі, ер — әлді.
Суы - нәрлі, нуы — әрлі, елі — арлы
Заман бопты; арыстан жал даланың
Тісі — Зәрлі, қысы — қарлы, сонарлы!" —
Десем Бүгін кім сенеді,
Кім сенбек? —
Бұлтты көрсе талмайды кеп күн шөлдеп.
Менің жібек самал сынды үмітім
Шілделерден пана іздеп жүр бүрсеңдеп.
Әлем - суық,
Мұз шашады шығыр - күн,
Сол шығырға жегіп қойған тұғырмын.
Сыртқа шықсам қырау қатып езуге,
Өз ішіме кіріп, үн сап жылындым.
Түнек көрді жылытқанда үн барып,
Жер бетіне шыға келіп ырғалып;
Кебінінің жыртығынан сығалап —
Әйнек - көзде аяз гүлі бүр жарып ...
Күлді - мүрде ...
Тірлігімде кие жоқ,
Басы алтынға өкшесі жез ие боп. —
Болды зайғы әздек тұтқан Сенімім,
Қалды қайғы қабағымда үйелеп.
Әй, Заман - ай!
Заманам - ай!!
Заман - ай!!!
Нұрды ұрттап ап татырмайды сараң ай.
Қайық - жүрек қаңсып жатыр кеудемде,
Кеудем менің қаны кепкен жағадай.
Әй, Заман - ай, Заманым - ай! —
Сен неттің? —
Бесігімді тербетеді көн бет кіл.
Аранынан қалай он ап қалам
Тісі ақсиған айбалтаның — жендеттің?!
Жұлдыздарын жатар шақта төлдеп түн
Зар Заманның шайырынша шерлі еттің.
Бұқар, Дулат, Шортанбай мен Мұраттың
Ызыңына ілесіп ап мен де өттім.
Сұлтансынып жүрек, бассыз, күл Заман,
Тұлпарсынып құйрық - жалсыз, тұл Заман,
Қабыртқамды омыртқамнан бездіріп,
Қан қашырдың тамырымнан құрғаған.
... Тағы отыр ем: "Заман, сенсің қайғым", — деп,
"Енді мәңгі сен тағыңнан тайдың, кет!
Заман — Мен!" — деп жетіп келді
Әлдекім:
Түлкі құйрық, есек құлақ, маймыл бет!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері