Бұл бетте «Көктемді аңсау» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(әні бар)
Сайранды өткен менің
Қайран көктемдерім! –
Көзімнен мәңгі
Бұл-бұл ұшпаңдар.
Жетесің өлеңмен,
Өтесің төбемнен,
Сәлеміңді айтып
Мұңды кұстардан.
Барасың қашықтап,
Арасын ашып қап
Жел-саусағыңмен
Ғұмыр-парақтың.
Жалқы түндерімнің,
Талқы күндерімнің
Қауырсын мұңды
Үнін тараттым.
Саңқ етер назды әнім,
Қаңқ етер қаздағы үн –
Түскенде жасын
Сөгіліп көктен.
Оятар бүрлерді,
Боятар гүлдерді —
Жанардан жасым
Төгіліп кеткен.
Араны жалғап кіл,
Барады самғап бір –
Ән-құсым сонау
Жыраққа ұшырған.
Сиқырлап төкші жыр,
Қиқулап өтші бір,
Тағы да менің
Жүрек тұсымнан...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі