Сол... бір ән

Бұл бетте «Сол... бір ән» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1391
Қызыл-жасыл лаулаған тоты қырда
Ізі қалған жастықтың.
Оты — Жырда.
Сонда аспанға Жұлдызбен ән жазып ем,
Жаз түнінде сен соны оқыдың ба?
Жел ыңырсып кейде бір кеш тілінде,
Мендік мұңға дауысын қосты іңірде.
Жалғыз Аққу сол әнді жаттап кеткен,
Күз түнінде сен соны естідің бе?
Тұтана ма шоқ жүрек енді үрлесем? —
Мұзға айналды —
Жас толы мөлдір кесем.
Қарға оранып сыңсыған Ақ Қайыңды
Қысқы Орманның ішінен көрдің бе — Сен?
Көшті мезгіл...
Сені іздеп аласұрам,
Қаздар жүзген талды көл жағасынан.
Таппай әлде Сол Әнді жүр ме екенсің,
Көктемдегі көп әннің арасынан... 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол... бір ән өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Сол... бір ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол... бір ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол... бір ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері