Кішкентай алыптар – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Кішкентай алыптар» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1963
Ерінбей керегін тереді,
Неғылған шетінен ел еді?
Өзінен үлкенді арқалап келеді...
Бар үлкен ауылы,
Іскерлер қауымы.
Жұмысқа тым ұста.
Бұл келе жатқандар –
Қың демей,
Үндемей
Жүретін құмырсқа!
Шаршаса тыныстап алады,
Бір-бір дән тістепті.
Сап түзеп аяңдап барады
Кәдімгі алыптар іспетті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері