Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар

Бұл бетте «Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 832
Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.
Өткiрленiп бара жатыр түнгi ызғар.
Үзiлiп-ақ кетердей боп дiрiлдеп
зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.
Дiрiлдеген жабысып ап көгiме
бiрi жақын, бiрi жырақ әрiде...
Күн де жұлдыз.
Ай да жұлдыз, Жер-жұлдыз.
Жұлдыздар ғой, жұлдыздар ғой бәрi де.
Көкке мынау –
жұлдыздардан қайнаған –
қараймын да толқып кенет ойланам.
Тамып жатыр, ағып жатыр жұлдыздар –
жұлдыздардың жаңбыры ғой айналам.
Әлсiз мұнда айла-әрекет, күшiң де!
көре көрме бұл суреттi түсiңде –
бiз де тұрмыз кеңiстiкке iлiнiп
дiрiлдеген бiр жұлдыздың iшiнде.
Болашаққа, нұрлы ертеңге жетем деп,
тұрмыз бiздер сол жұлдызды мекендеп.
Қорқамыз бiз тұңғиыққа, құрдымға
сол бiр жұлдыз тамып кетер ме екен деп.
Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері