Өлең, жыр, ақындар

Жек көресiң сен менi

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Жек көресiң сен менi.
Айыптайсың таңып байлап әрненi.
Жетi атаңның құны менде кеткендей
жек көресiң сен менi.
Жала сөзден сарсылды әбден құлақ та.
Барасың-ау,
барасың-ау шыдатпай.
Аяқтан шал,
етектен тарт бәрi бiр
оларыңнан түк шықпайды бiрақ та.
Бiлем сенiң биiгiңдi, сайыңды.
iстерiңдi дәл қазiргi, байырғы.
Егер де сен жай ойнатсаң төбемде
жайтартқыш боп жұтып қоям жайыңды.
Қаншама рет құрбаны боп кектi ойдың,
екi адамның арасына от қойдың.
Бiлем қазiр шықырлатып тiсiңдi,
келiп тұр-ау бiр-ақ шайнап жеп қойғың.
Сыйласып-ақ өтем деп ем адаммен,
шыдатпастан барасың-ау амал не...
Есiңде ұста жұтпақ болсаң шынымен
көмейiңде тас боп тұрып қалам мен.
Кесек атып менiң ождан, арыма
айып тағып,
бәле жауып тағы да
алқымыма жармаспақ боп ұмтылсаң
от боп жанып жолатпаймын маңыма.
Осылай бiр түсiп жүрiп көк терге,
орайы кеп «жолың» болып кеткенде,
қазық қылып жерге қағып жiберсең
көктеп қайта шыға келем көктемде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Азалы үйде болған оқиға туралы ой

  • 0
  • 0

Ажал-сұмның түсiп суық назары,
таусылды ғой тағы бiр жан базары...
Азаматсыз қалған ендi мынау үй
қайғы, мұңнан қара киген азалы.

Толық

Баласын құтқарған әйел туралы

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ертеде
Қойының үстiне
Бозторғай жұмыртқалап,
Итiнiң басына

Толық

Аяғы қырқылған кептер туралы жыр

  • 0
  • 0

Сол бір көріністі
Еске алсам
Күйреп қирағандай
Боламын тас-талқан:

Толық