Қысқы Есіл

Бұл бетте «Қысқы Есіл» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1629
Мұз көрпенi –
Қыс түсе,
Бүркендi де үстiне:
Қалғып кеттi қарт Есiл,
Сезбейдi ол түктi де…

Жұртшылықты таң қылған,
Болды мұнда сан думан…
Арнасында теп-тегiс,
Жарыс та өттi шаңғыдан…

Жүрсе де жұрт дуылдап,
Елемейдi бiр уақ:
Ұйықтап жатыр қарт Есiл,
Кеудесi сәл сырылдап…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы Есіл өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қысқы Есіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы Есіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтепберген Ақыпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы Есіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері