Қуырмаш – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Қуырмаш» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4829
Қуыр-қуыр, қуырмаш!
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ, Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек:
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен қария,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат!
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар...
Қытық! Қытық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері